Қазақстан Мальдив аралдарына әуе рейстерін тоқтатты

Мальдив аралдарында індет өршіді.

Вирус жұқтырып жатқандар күрт көбейген. Сондықтан Қазақстан ол жаққа рейстерді уақытша тоқтатып тастады. Қазір Мальдив аралдарында мыңға жуық отандасымыздың қалып қойғаны айтылады. Оларды елге жеткізу үшін бүгін бір ұшақ аттанды. Одан бөлек, 19 және 24 мамыр күндері тағы рейстер болады. Мальдив аралдарына баруды жоспарлап, билет алып қойғандарға туристік компаниялар ақшаларын қайтарып береді. Ал Мальдив аралдарынан келген қазақстандық туристер 2 апта карантинге оқшауланады.

Сондай-ақ...