Өскемендегі аттракциондар адам өміріне қауіпті

Өскеменде аттракциондардың техникалық жағдайы сын көтермейді.

Осыған байланысты қала әкімдігінде құрылған комиссия ойын-сауық орындарын тексеруді бастады. Тұрғындар түсірген видеода биікке көтерілетін кей қондырғылардың солқылдап әрең тұрғанын көруге болады. Кәсіпкерлер аттракциондар ашылғанға дейін техникалық байқаудан өтті деп бой бермейді. Енді нысандарды төтенше жағдай басқармасының мамандары, техникалық реттеу департаменті мен полиция тексеріп жатыр. Алғашқы күні біраз кемшілік анықталды. Кей жерлерде балалар жұмыс істеп жүрген. Кәсіпкерлер жағдайды реттемесе, аттракциондар жұмысы тоқтайды.

Жақсылық Омар, қала әкімі:

– Біз қазір комиссия құрдық. Бас аяғы 5 күн ішінде аттракциондардың техникалық жағдайын тексереміз. Кішкентай орта және үлкенін бәрін тексереміз. Осы аптаның соңына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз. Әрине, ең негізгісі қауіпсіздік.