Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина алды

Елорда тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда.

Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда 142 мыңнан астам адам вакцин алды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, басқарма қоймаларында вакцина қоры жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды.

Бүгінде вакцинация пунктері «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» СОО-ларында және «Әлем», «Астаналық» сауда үйлерінде ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін

Сондай-ақ...