Коронавирус жұқтырған 756 адамның жағдайы ауыр

Елімізде 38 151 адам коронавирус инфекциясынан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 756 адамның жағдайы ауыр,
  • 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.