426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы мектептердің бірінде шу шықты

  • 187
  • UPD: 18:28, 18.05.2021

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде шу шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде едендегі саңылауды матамен бітеп отырған мұғалімнің суреті қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдай мұнайлы шаһардағы Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте болған. Былтыр білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Алайда оның сапасы сын көтермеген. Жазба авторы қазынаның 440 миллион теңгесіне жасалған жөндеу жұмысының нашар екенін айтып отыр. Мектеп мұғалімі Райса Жұмабаеваның айтуынша, білім ошағы күрделі жөндеуден кейін де әлі де тиісті жұмыстарды қажет етеді. Ал, облыстық білім басқармасы «педагогты кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды» дейді. Қазір ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұл мектепте тексеру жұмыстарын бастады.

Райса Жұмабаева, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп мұғалімі:

- Спортзалдың едені мүлде жасалмады. Соның бетін сүргіледі. Ағаштардың арасы ашық қалғасын оған мұғалімдерді шақырып, арасына мата тыққызды. Ол менде бұрынғы фотода бар. Содан кейін мұғалімдерге сырлау жұмыстарын жасатты. Сосын мен арыз жазғаннан кейін спортзалдың аузы кілттеніп, құрылысқа жауапты ЖШС келіп бітірілді. Бұның артында қосымша бітпеген жұмыстар әлі көп.

Фаруза Шангереева, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Жалпы желідегі фотоны көрдім. Сол бойынша директордан түсініктеме алынды. Жалпы педагогтарды кәсіби мамандығынан бөлек қызметтерге тартуға болмайды. Сондықтан мектеп директорынан түсініктеме алынып, шара алынады міндетті түрде. Мемлкететтік аудит департаменті бүгінгі тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бізге қорытындысын айтқанна кейін шара қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы