427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен ауырып жүрген 37 адам елорда әуежайына кіруге тырысқан

  • 147
  • UPD: 15:48, 18.05.2021
Коронавируспен ауырып жүрген 37 адам елорда әуежайына кіруге тырысқан

Ashyq жобасын енгізгеннен бері елімізде ПТР-тестің оң нәтижесі бар екі мыңға жуық адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 37-сі коронавируспен ауырып жүргеніне қарамастан Нұр-Сұлтан әуежайына кіруге тырысқан. Осы жүйе арқылы елордада ковид жұқтырғандармен байланыста болған 37 адам анықталған. Ashyq жобасы 21 мамырдан бастап Алматы әуежайында да енгізіледі. Бүгінде қосымшаны бір жарым миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Жүйеде 6 мың шағын және орта бизнес нысандары бар. Жалпы жоба іске қосылғаннан бері «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 3200 адам анықталған.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Өкінішке қарай, бұл статистика коронавирус жұқтырған азаматтардың үйде оқшаулану режимін сақтамай, қоғамдық орындарға және әуежайларға кіруге тырысақанын көрсетеді. Мұндай әрекеттер арқылы олар өзге азаматтарға ауру жұқтыру қаупін арттырады. 

Хабар 24 телеарнасы