Алматыда биыл 200 көше орташа жөндеуден өтеді

Алматыда жолды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Осы орайда биыл 200 көшені орташа жөндеу және 250 мың шаршы метр жол жамылғысын жөндеу жоспарланған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі кезде 44 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 10 көшеде жол-жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінде Сәтбаев, Панфилов (Жібек Жолы көшесінен Райымбек даңғ. дейін), Күдерин ( Рысқұлов даңғ. Күдерина №1а көшесіне дейін), Тәттімбет (Қыз Жібек көш. 128 үйге дейін), Есенберлин (Ормановтан Тәттімбетке дейін), сондай-ақ Қыз Жібек (Достық даңғ. Омаров көшесіне дейін) көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын мамыр айының аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Ал Жібек жолы, Бәрібаев, Қарасай, Құлымбетов, Варламов, Қарасай батыр көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 370 жұмыс орны құрылды, жол жөндеу жұмыстарына 33 бригада мен 143 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі кезде 66 мың шаршы метрден астам жерде ағымдағы жөндеу жұмыстары  аяқталды, 683 люк көтерілді, 520 қума метр бордюр тастары реттелді.