Шымкентте «Ashyq» көмегімен 15 адамға екі апталық оқшаулану туралы смс жіберілді

Шымкентте «Ashyq» мобильдік қосымшасының көмегімен кәсіпкерлік нысандарына кірмек болған 66 тұрғын кері қайтарылды.

Яғни олардан коронавирус жұғу қауіптілігі байқалған. 51 азамат індетті жұқтырғандармен байланыста болса, қалғанында ПЦР тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Оларға үй карантинде 14 күн оқшаулануы тиіс екендігі СМС хабарламасы арқылы ұялы байланыс телефонына келіп түскен. Осындай жағдай қайта қайталанса 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл қаралатыны жайлы ақпарат құлақтандырылған.

Айта кетейік, еліміздің үшінші мегаполисі індеттің қауіптілігіне байланысты тағы да  сары аймаққа оралды.

Алдарқұл Ахметов, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Біріншіден, СМС хабарлама жібердік. Екіншіден, оларға санитарлық-профилактикалық эпидемияға қарсы шараларды орындау жөнінде қаулы таратудамыз. Сондықтан қызыл мәртебесі мен сары мәртебесі анықталған азаматтар 14 күн үй карантинін сақтауы қажет. Көшеге шықпауы керек. Ауруды тарату көзі болмауы керек.