425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері Қызылорда облысында он бір адам суға кеткен

  • 144
  • UPD: 19:59, 18.05.2021
Жыл басынан бері Қызылорда облысында он бір адам суға кеткен

Жыл басталғалы Қызылорда облысында 11 адам суға кеткен. Оның алтауы бала.

Мамыр айында 4 қайғылы оқиға тіркелген.

Айта кетерлігі, шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Алайда өзен-көл жағалайтындар аз емес. Бірер күн бұрын Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылында катамаран аударылып, 24 жастағы жігіт көз жұмды. Жаңақорған ауданында ата-ана қарауынсыз қалған 2 жасар бүлдіршін арықтағы суға түсіп кетіп, тұншығып қалған. 

Руслан Қайрақбаев, облыстық ТЖД басшысы:

- Каналдардың кез келген, әлі зерттелмеген жерлеріне суға түсуі, спирттік ішімдік ішіп суға түсуі және ересектердің балаларды бақылаусыз қалдырып, қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы