Түркістан облысында мектеп бітірушілерге аттестат салтанатты түрде тапсырылады

Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектеріне аттестат салтанатты түрде тапсырылады.

Бірақ санитарлық талаптар барынша сақталмақ. Салтанатқа оқушылардың ата-анасымен мектеп ұжымы ғана қатысады.

Айта кетерлігі, биыл түлектерге жеңілдік қарастырылған. 9-сыныпты аяқтағандар бұрын 4 сабақтан емтихан тапсырса, биыл тек 3 сабақтан тапсырады. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін 4 сабақтан ғана сынақ алынады.

«Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмысын білім басқармасынан құрылған арнайы комиссия тексереді. Түлектердің мектеп бітіру кеші болмайды. Бұдан бөлек карантин кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектептер жұмыс істейді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, балалардың жазғы лагері де іске қосылады.

Ардақ Садықова, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары: 

- Республиканың бас дәрігері рұқсатын берді. Барлық талаптарды сақтай отыра сауықтыру лагерьлерін ұйымдастыруға болады деген. Сондықтан біздің облыста да арнайы жұмыс істеп жатырмыз. Әр лагерь өз рұқсатын өзі алады. Санитарлық талаптарын сақтай отырып, бүкіл іс-шараларын жасайды. Одан кейін арнайы комиссия барып көреді. Сондықтан балаларды ұйымдастыру болады.