Ақтөбеде балалардың жарақат алуы жиілеп барады

Әдетте дәрігерлер мұндай жағдайды маусымдық кезеңмен байланыстырады.

Дегенмен, бұл жолы көмекке жүгінушілердің көптігі дәрігерлердің өзін алаңдатып отыр. Қазір облыс орталығындағы балалар ауруханасына күн сайын 35-40 бала жеткізіледі. Кейде 70-ке дейін жетеді. Әсіресе күйіп қалған, аяқ-қолын сындырып алған ойын баласының қатары артқан. Қазір жартастан құлаған 16 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ата-аналарға жеткіншектерді қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін полиция департаментінің қызметкерлері де жасөспірімдердің жол ережесін қатаң сақтауы керектігін мәлімдеген еді.

Қуантай Махамбетов, Ақтөбе медицина орталығының бөлімше меңгерушісі:

- Бізде жатқандардың көбісінде қазір бас-ми жарақаттары. Тек ғана аяқ, сан сүйек ең үлкен сүйек ғой, сонымен түскен бір күнде үшеу, төртеуден түсті кешегі жақында ғана. Сосын иық сүйегі дейді ғой, ең қиыны. Солардың бір күнде 3-4-тен түскендері болды.