427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде тұратын Қазақстан азаматы кері қайту үшін кредит алуға мәжбүр

  • 157
  • UPD: 20:43, 18.05.2021
Ресейде тұратын Қазақстан азаматы кері қайту үшін кредит алуға мәжбүр

Бір ай бұрын Қазақстанға келген Анастасия Федина Ресейге - еліне оралу үшін несие алуға мәжбүр. Петропавлға ағасын жерлеуге келген екен. Енді пандемияға байланысты кері қайта алмай жүр. Себебі айына бір рет ғана шекарадан өтуге рұқсат.

Бір қызығы, ұшақпен қайтуға болады екен. Бірақ билет құны ұшынып тұр. Елде көп аялдап қалған Анастасия енді осы ұшаққа отырмаса Ресейдегі жұмысынан да айырылып қалуы мүмкін.

- Я не могу пробыть 30 дней. Я там работаю. Я там живу, у меня там муж, у меня там учится ребенок. 

Анастасия Федина Қазақстан азаматы болғанымен Ресейде тұрады. Жақында сол елдің азаматтығын алмақ. Петропавлға мамыр айының басында келген. Пандемияға байланысты енді Новосибирск қаласына қайта кете алмай жүр. Себебі бізде азаматтарға 30 күнде бір рет ғана шекара асуға рұқсат берілген. Ал тығырықтан шығудың тек бір ғана жолы бар. Ол ұшақпен ұшу. Бірақ бұл артық шығынды талап етеді.

Анастасия Федина, Қазақстан Республикасының азаматы:

- Түсініксіз жағдай. Сонда тек ұшақпен қайтсам коронавирус жұқтырмаймын ба? Оның үстіне тура рейс жоқ. Дубай арқылы ұшуым керек екен. Ал оған жарты миллион теңгедей қаржы қажет. 

Анастасия жұмысынан айырылып қалмау үшін қазір несие алып, ұшақпен ұшып кетуді жоспарлап отыр. Дәл осындай жағдайға тап болғандарға көмек көрсеткісі келетіндердің хабарландырулары әлеуметтік желілерде есіп жүр. Пысықайларға ақшаңызды төлесеңіз болды, олар мәселеңізді шешіп беруге дайын.

- Ресейге емделу үшін деп адамдарды заңды түрде жібереміз. Диагноз қойып, клиникаға жазамыз. Кейін олар сізді порталға тіркейді. Сәйкесінше кез келген шекарадан емін-еркін өте аласыз. Ол үшін 35 мың теңге төлесеңіз болғаны. Баға енді әр түрлі. Тіпті 100 мыңдап сұрайтындар да бар.

Мәселенің ақ-қарасын білу үшін шекара қызметіне хабарласқан едік. Бірақ ондағылар басты құжатқа сілтеме жасап бізге түсініктеме беруден бас тартты.

Самат Қайырденұлы, Наталья Волкова, Төлеген Иманов, Руслан Алиев

Хабар 24 телеарнасы