Astana LRT ісін тергеуде дәйектер қолдан жасалған – айыпталушы

Атышулы Astana LRT ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін сотта белгіленген жарыссөздің үшінші күні. Айыпталушылар қатарындағы «Нұр-Трейд» серіктестігінің директоры Улугбек Ачилов бүгінгі сөзінде тергеуде келтірілген дәйектермен келіспейтінін айтады.

Мәселен, Астана LRT жұмысқа тартқан шетелдік кеңесші мен құжаттарды аудару қызметін көрсетудегі қаржыны жымқыру дерегі ойдан құралған. Сол сияқты тергеу кезінде көліктік құрылымды жобалау мен басқаруға қатысты терминдер бұрмаланған. Осылайша, маған қатысты теріс пікір қалыптасып, жала жабылып отыр дейді айыпталушы Ачилов. Осыған дейін жарыссөзде кезек берілген өзге айыпталушылар мен адвокаттардың да пікірі осыған саяды.

Еске салсақ, жарыссөздің алғашқы күнінде прокурор айыпталушыларға 7-ден 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бүгінде 7 адамға Astana LRT құрылысын жобалау барысында 6 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр. Жалпы, ұзаққа созылған Astana LRT ісіне қатысты сот үкімі қашан шығатыны әлі белгісіз.

Сондай-ақ...