425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағай тұрғыны 600 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

  • 110
  • UPD: 13:38, 19.05.2021
Қапшағай тұрғыны 600 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

Одан 600 келіге жуық балық тәркіленді.

Сондай-ақ, үйінен рұқсат етілмеген қытайлық ау табылды. Қазір өңірде браконьерлермен күрес жүріп жатыр. Балқаш-Алакөл  балық шаруашылығы инспекциясы мен жергілікті полиция қызметкерлері бірігіп, бір ай бойы тексеруге шығады. Айта кетейік, елімізде Қытайда жасалған моножіпті торлармен балық аулауға тиым салынған. Өйткені ол судағы майшабаққа дейін сүзіп алып, экожүйеге орасан зор залал келтіреді.

Жыл басынан бері Балқаш-Алакөл бассейнінде 650 экологиялық құқық бұзушылық анықталған. Оның жартысына жуығы заңсыз балық аулау дерегімен байланысты. Инспекторлар браконьерлерден 9 қайық тәркілеп, 30 істі сотқа жолдаған.

Серік Байғазинов облыстық ПД табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:

– Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген жалпы зауал – 1 млн 200 мыңнан астам.

Хабар 24 телеарнасы