Шымкент «қызыл аймаққа» қайта оралды

«Қызыл аймаққа» қайта оралған Шымкентте коронавирустық инфекцияның таралу көрсеткіші күн сайын құбылып тұр.

Күні кеше індет жұқтырғандардың саны төмендеп, қала «сары аймаққа» өткен еді. Енді міне, соңғы тәулікте 81 адамнан ауру белгілері анықталды. Жалпы, қалада 11 мыңнан астам науқас тіркелген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурухана толымдығы 49 процент болды. Өткен аптада карантиндік шектеу шаралары енгізіліп, біраз кәсіпкерлік нысан «Ashyq» мобильдік қосымшасын пайдалана бастады