425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында өткен тәулікте 68 адамнан вирус анықталған

  • 131
  • UPD: 13:56, 19.05.2021
Ақтөбе облысында өткен тәулікте 68 адамнан вирус анықталған www.aa.com.tr

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары әзірге жаңа қаулы қабылданбайтынын айтады.

Себебі, өңірдегі ахуал әлі тұрақталмай тұр. Сондықтан бірнеше күн жағдайды бақылап көрмек. Егер вирус жұқтырғандар көбейіп кетсе, қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Әзірге бұған дейін белгіленген тәртіп күшінде қалды. Яғни, көпшіліктің қатысуымен өтетін конференциялар, форумдар және отбасылық шараларды ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Ал кейбір кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» жобасына қосылу арқылы өз жұмысын жалғастыра алады. Өңір қазір «қызыл аймаққа» қайта енді.

Хабар 24 телеарнасы