Маңғыстау мен Атырау облыстарында вакцина салдыру қарқыны баяу

Мәселен, Атырау өңірінде коронавирусқа қарсы препараттың бірінші компоненті 46 мыңнан астам адамға егілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 15 мыңы ғана екінші дозасын алған. Жергілікті денсаулық сақтау басқарамасының хабарлауынша, облыста 36 стационарлық және 10 жылжымалы иммундау бекеті бар. Тұрғындар өз қалауы бойынша «Спутник V», «Qaz Vac» немесе «Hayat-Vax» препаратын таңдай алады.