Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдеді

Азық-түлік дүкендері, шағын және супермаркеттер, моншалар, ашық аспан астындағы аттракциондар, бизнес-орталықтары мен туристік нысандар, сондай ақ демалыс орындары және қонақ үйлер қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қоғамдық тамақтану орындарына түнгі сағат 24:00-ге дейін рұқсат беріліп отыр. Мейрамханалардың банкет залдарында ас беруге болады. Бірақ адам саны 50 -ден аспауы керек. Балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне де рұқсат. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі де 24.00-ге дейін жалғасады. Ал спорттық шаралар, бильярд, боулинг және компьютерлік клубтарға жиналатын адамдардың саны 30% аспауы керек.

Асқар Ысқақов, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат етіледі.