Павлодар облысының тұрғынынан 12 келіден астам марихуана тәркіленді

Павлодар облысының тұрғынынан 12 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция нәтижесінде Екібастұз қаласында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлісінің қызметкерлері Toyota Carina маркалы автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат, үш брикет пен бір полиэтилен пакет алды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – деді Павлодар облысы ПД-нің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Күдікті Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғынының қамауда отырғанын полиция атап өтті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.