«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы тергеу изоляторынан босатылуы мүмкін

Берік Шәріпті тергеу изоляторынан босатып, үйқамаққа алуын сұраймыз.

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысын қорғап жатқан адвокаттар сотқа бүгін осындай өтініш айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктінің қамауда отырғанына 9 ай болған. Соның кесірінен қорғаушылар күдіктімен бетпе-бет жолығып, сөйлесе алмай отыр. Егер Берік Шәріпті изолятордан босатып, үйқамаққа алса, адвокаттар онымен кездесуге, «сотта мүддесін қорғауымызға да жеңіл болар», еді дейді.

Еске салайық, «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Прокурорлар «осының кесірінен мыңдаған дәрігер вирус жұқтырды» дейді.