Қазақстандық фельдъегерьлердің жалақысы артады

Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірініші оқылымда қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ол үшін бюджеттен шамамен 17 миллион теңге бөлу қарастырылған. Бұл қаражат есебінен фельдъегерлерге жәрдемақы мен сыйақылар төленбек. Аталмыш заң жобасы олардың құқықтық мәртебесін бекітіп, отбасыларына әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсетуге бағытталған. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірініше, фельдъегерьлер үкіметаралық құпия байланысты қамтамасыз етіп отырғандықтан, қаралып жатқан құжаттың маңызы зор. Сондай-ақ жиында Ішкі істер министрі учаскелік инспекторлардың құзыретін арттырып, оларға көмекші тағайындау қажеттілігін ерекше атап өтті. Ерлан Тұрғымбаев өз баяндамасында биыл дактилоскопия қызметін енгізу мүмкін еместігіне де тоқталды. Себебі оған бөлінген қаражаттың жартысынан көбі денсаулық сақтау саласына жұмсалды. Салдарынан шекара асқандарды тексеру жүйесі тек 2023 жылы іске қосылмақ.