426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр

  • 102
  • UPD: 18:58, 19.05.2021
БҚО-да жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокешен цифрлы рентген, ультрадыбыстық зерттеу қондырғысы, электрокардиограф, экспресс зертхана және әйелдерді қарау бөлмесімен жабдықталған. Былтырдан бері ауданға қарасты 16 елді мекеннің 500-ден аса тұрғынына медициналық көмек көрсетілді. Вакциналау жұмысына тартылған әмбебап автобус бұл жолы Бумакөл ауылына ат басын тіреді. «Жыл соңына дейін аудан халқының 50%-і вакцина алуы тиіс. Бұл ретте әсіресе, ауыл тұрғындарының белсенділігі өте жоғары», - дейді дәрігерлер. Айта кету керек, күні кеше облысқа 7 мыңдай «Спутник V» екпесінің екінші компоненті жеткізілді.

Альбина Көбекова, Бөрлі аудандық ауруханасының дәрігері:

- Ең басты адам келгенде сұраймыз: «температура, жөтел болды ма, қан қысымымен есепте тұра ма, қант диабеті, онкология бар ма?». Сосын қан қысымы, температруа, пульс, сатурация өлшейміз. Бұрын екпе алғанда аллергия болды ма, бәрін сұраймыз. Бәрі жақсы болып жатса, рұқсат береміз, барып вакцина алады.

Гүлбаршын Құсмағанбетова, Бумакөл ауылының тұрғыны:

- Мен қазір бірінші компонентті алып жатырмын. Қан қысымы қалыпты. Жағдайым жақсы. Өзім ауырып шықтым, тамыз айында ауруханадан шықтым. Сондықтан қажет деп біліп алып жатырмын осы вакцинаны.

Хабар 24 телеарнасы