425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полицейлер: БҚО-да киікті тірідей көмді деген ақпарат жалған

  • 141
  • UPD: 20:10, 19.05.2021
Полицейлер: БҚО-да киікті тірідей көмді деген ақпарат жалған

Батыс Қазақстан облысында киікті тірідей көмді деген ақпарат жалған. Полицейлер осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін аудандық полиция бөлімінің жедел тобы оқиға орнына барған. Өлген киіктердің арасында шалажансар бір ақбөкеннің бары анықталыпты. Жаралы жануарды мал дәрігері қарап, қажетті ем-домын жасаған. «Сондықтан желіде тараған ақпаратқа сенуге болмайды», - дейді мамандар.

Мөлдір Садырғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Аталмыш ақпарат есепке алу кітабына тіркелген болатын. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жолданып, расымен ақбөкендердің арасында біреуінің тірі екені анықталды. Ол мал дәрігерінің қарауынан кейін үйіріне қосылған болатын. Қазіргі таңда қылмыстық не әкімшілік іс қозғалған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы