Белгілі экономист Аманжол Қошанов өмірден өтті

Саналы ғұмырын экономика саласын зерттеуге арнаған арда азамат қырыққа жуық монографиялық еңбек жазған.

Нарықтық экономиканың дамуына сүбелі үлес қосты. «Парасат» және үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған. Осы қазаға байланысты Елбасы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолады. Нұрсұлтан Назарбаев «көрнекті ғалымның ел үшін еткен еңбегі өлшеусіз» деді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды көптеген маңызды мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар жасауға атсалысқанын айтты. Одан бөлек, экономикалық теория бойынша өзіндік мектебін қалыптастырғанын атап өтті. Елбасы Аманжол Қошановтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынын жеткізді.