Қазақстанда 100 мектепте әлі жылы дәретхана жоқ

Елде шамамен 100 мектепте дәретхана жоқ. Жергілікті атқарушы органдар мәселені көп ұзатпай шешуге тиіс.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Бір жыл бұрын 2700 мектепте әжетханалар ғимарат ішінде емес, аулада болатын. Оқушылар көбіне қыс мезгілінде қиналатын. Қазір  2600 дәретхана қайта салынып, ішіне жылу жүйесі орнатылған.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жасыратын ештеңесі жоқ. Адам баласы болғаннан кейін кейбір жерлерде ол дәретхананы қолданбайтын да жағдай жасалып қалуы мүмкін деп оның алдын алу үшін алдын ала тапсырма беріп айтып жатырмыз. Егер ол дәретхана болса, онда барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі керек. Оған жаңағы кәріз мәселесі бойынша, су мәселесі бойынша, оның уақтылы тазалып отыру ауылдық жерлерде үлкен проблема.

Айта кеткен жөн, бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Кездесуде ведомство басшысы қатысушылармен ашық форматта әңгімелесті. Оқушылар мәселелер мен ұсыныстарын айтып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Аманбол Қанатұлы, республикалық олимпиада жеңімпазы:

- Ауылдарда далада каждый барып келеді, еще қыз бен баланың әжетханасы бір жерде орналасқан. Меніңше бұл дұрыс емес. Шынымды айтсам, бұрынғы оқыған мектептерімде онша қатты бір күшейтілген күзет болды деп есептемеймін.