Алматыда Д.Қонаевтың муралы қайта қалпына келтірілді

Алматыда үй қабырғасына бейнеленген Дінмұхамед Қонаевтың портретін тақауда әлдекімнің қасақана бүлдіріп, мұрт салып кеткені белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Муралдың авторы арт-суретші Ержан Танаев, өзі бастама көтеріп, мемлекет қайраткерінің портретін досына қайта жөндетті. Суретшінің өзі қазір Ақтау қаласындағы үйлердің бірінің қабырғасына атақты жазушы Әбіш Кекілбаевтың бейнесін салып жатыр. Сондықтан суретші өзі келе алмаған.

Айта кетейік, Дінмұхамед Қонаевтың портреті 2017 жылы кескінделген. Биіктігі 2 метр болатын муралды суретші бір күнде салып шыққан. Ал Дінмұхамед Қонаевтың портретін бүлдірген бұзақыларды қазір полиция іздестіруде.

Бекембай Сахи, Әуезов ауданы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі:

- Қоғам қайраткерінің портретін бүлдірген адамдар әлі белгісіз. Бірақ осы іске бола біз тез шешім қабылдап, Әуезов ауданы әкімшілігнің қолдауымен Ержан Танаевтың Tigrohaud crew суретшілерімен бірге осы портреттің суретінің түсін тауып, баллонды краскамен қалпына келтірген болатынбыз.