Қазақ жігіті көлікті тіспен тартып сүйреді

Қалың қазақ Қажымұқанның ізбасары деп танитын Тимур Спатаев мұқым жұртты тағы қайран қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қарағандыда 3 тонналық джипті тіспен тартып, 30 метрге жерге дейін апарды. Қара күш иесі жол талғамайтын көлікті ғана емес, оның қапталындағы тағы екі көлікті қос шынашағымен тартып қоса сүйреді. Мұндай тәуекелге елде әлі ешкім барып көрмеген. Спортшы «бұл рекордты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнадым», дейді.

Сондай-ақ...