Еріктілер Ақмола облысындағы су қоймаларын тазалады

Ақмола облысында «Таза су айдындары»атты экологиялық шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еріктілер, белсенділер мен балықшылар Қопа өзенін, Шағлын және Сілеті су қоймаларын балықшылардан қалған тордан тазартты. Жағалаудағы қоқысты да жинап шықты. Шараға қатысқан адамдардың ұзын-саны 60-тан асады.

Мұрат Шалабай, облыстық балық инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Балық аулаушыларға, жай демалушыларға осы қоқыстарды демалған кезде уақытымен жинап, өз орындарын таза ұстаса, сонда дұрыс болады деп ойлаймыз. Өйткені осы қоқыстар қайдан келеді? Біздің азаматтан келеді ғой. Сырттан келіп жатқан жоқ.