Қазақстандық кардиологтар Бішкекте жүрекке 5 операция жасады

Қазақстандық кардиологтар Бішкекте жүрекке 5 операцияны сәтті жасады. Барлығы да инвазивті әдіспен жүргізілген.

Олардың барлығын Тараз қаласындағы кардихирургия ғылыми-клиникалық орталығының қызметкерлері жүзеге асырды. Бұл әдіс Тараздағы емдеу орталығында 2015 жылдан бері қолданылады. Осы уақытқа дейін 2 мыңнан астам операция жүргізіліп, оссы әдістің жүректі емдеудегі тиімділігін көрсетті. Қазақстандық мамандар енді жинаған  тәжірибесімен Орталық Азия және Еуропалық Одақтағы әріптестерімен де бөлісуде. 

Джалил Шейшенов, Тараз қ. кардиохирургия және трансплантология  орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Біздің әдістің әдеттегіден айырмашылығы кеуде қуысындағы сүйектің сақталатынында. Яғни операция жасау кезінде біз шағын тілік жасап, ешбір сүйекті зақымдамаймыз. Бүгінгі таңда бұл жалпы медицина саласында, оның ішінде кардиохиругиядағы өте өзекті бағыттың бірі.