426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жұмысқа орналастырамын» деген атыраулық алаяқ тұрғындардан 50 млн теңге алған

  • 142
  • UPD: 09:48, 20.05.2021
«Жұмысқа орналастырамын» деген атыраулық алаяқ тұрғындардан 50 млн теңге алған Zakon.kz

Атыраулықтарды 50 миллион теңгеге алдаған алаяқ жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

– Атырауда Қызылорда облысының тұрғыны «Теңіз кенішіне жұмысқа орналастырамын» деп 60-қа жуық адамның ақшасын алған. Жұмыс іздеп, қалтасы қағылған тұрғындар алғашында өздерінің жалған келісімшарт жасасқандарын білмеген. Себебі қылмыс егжей-тегжей ұйымдастырылған. Оның дәлелі – жасалған төлемдерге берілген түбіртектер. 39 жастағы алаяқ азаматтардың 50 миллионнан астам теңгесін қалтаға басқан. Алданғандардың ішінде облыс тұрғындарынан бөлек Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының тұрғындарындары да бар, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Бастапқыда «Talapker&Company» ЖШС арқылы жұмыс іздеп келген азаматтарға лайықты кеңсе іздейді. Сөйтіп Құлсары қаласы Орталық ықшам ауданынан кеңсе жалға алып, өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін бірнеше қызметкерді ешқандай келісімшартсыз жұмысқа алып,оларға қолма-қол жалақы төлеп отырады.

Азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатуда өзінің 1974 ж.т. және 1992 ж.т. екі танысын да пайдаланған. Келісімшарт үлгілерін көрсетіп, екеуіне әр тапқан адамдары үшін ақша беретінін айтып сендірген. Жұмысқа орналасу ақысы 150 мыңнан 450 мың теңгеге дейін.

«Talapker & Company» ЖШС-нің атқарушы басшысы алаяқтық әрекеттері үшін сот үкімімен үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы