427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарасай ауданындағы Әйтей ауылы ауыз суға жарымай келеді

  • 103
  • UPD: 12:57, 20.05.2021

Алматы маңындағы ауылдар ауыз суға жарымай отыр. Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылының тұрғындары су азабын тартып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Алайда олардың шағымына құлақ асып отырған ешкім жоқ. Ашынған халық әкімдіктің алдына жиналды.

Әйтей ауылдық округі Алматыдан 35 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты бұл ауылда 8 мың адам тұрады. Халық саны аз болғанымен мұнда шешілмей отырған мәселе көп. Солардың ішіндегі ең өзектісі ауыз су мәселесі. 

Төлеулі Барлыбеков, ауыл тұрғыны:

- Келгеніме бес жыл болды. Бес жылдан бері не суға жарымадық, не жолға жарымадық. Әкімге күнде звондаймыз, су жоқ. Су жоқ, балалардың бәрі шулап жүр. Жолымызды көресің. Қазір краникті ашып көрсең дым су жоқ. Не істерімізді білмейміз. 

Мархабат Өмішева, ауыл тұрғыны:

- «Он күн күтіңіздер труба жарылды, ана жерде ремонт болып жатыр» деп жауап береді екен. Бұл он күндік жұмыс емес, бұл жылдар бойы келе жатқан проблема. Он күн тұрмақ 1 күнге де адам суға шыдамайды. Сондықтан бүгіннен кешіктірмей халыққа су беруін өтінеміз. Одан кейін су жоқ кездерінде халыққа перерасчет жасап берсін. Біз су алмасақ не үшін ақшасын төлеуіміз керек.

Әйтейде үш су ұңғымамсы бар. Барлығының тозығы жеткен. Жарты ай бұрын оның біреуі бұзылып қалған. Қалған екеуінің ауылға су беруге шамасы жетпейді. Судан тарығып отырғанымызға талай жыл болды. Облыс басшысына дейін хат жаздық.

«Бірақ біздің арыз-шағымымызға құлақ асып жатқан ешкім жоқ» дейді әйтейліктер.  

Бауыржан Сереханов, «Таусамалы қызмет» МКМ директоры міндетін атқарушы:

- Резервте бізде 2 скважина бар. Батыста да орталықта да. Сол скважиналарды бір 10 күн ішінде жандандырып бір су құбырын суды халыққа жібереміз. Келесі 4-скважинаны құдай қаласа осы бір айдың ішінде как раз осы Әйтей ауылында элкетрлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. 4 ТП қойылады. Барлық электро сымдары ауыстырылады. Сол кезде 4-ші құбырды іске қосамыз.

Электр желілері дұрыс болмағандықтан су соратын құрылғылар мұнда күйіп кетіп отырған. Қазір оларды жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініпті. Жаз айларында судың азайып кетуінің тағы бір себебі жұрттың бәрі жерін суғарады. Бұған дейін тұрғын үйлерде есептегіш құралдар болған жоқ. Сондықтан судың көбі ысырап болды. Енді әр үйге есептегіш құрал орнатылған соң бұл мәселеде шешімін табады дейді мамандар. Әйтей халқын әлекке түсірген тағы жол мәселесі бар.

Жарқын Қатубаев, Әйтей ауылының әкімі:

- Жолдар бойынша өзіміздің ауылдың даму жоспары бар. Сол жоспарға сәйкес көшелер жасалатын болады. Бірніші кезекте ескі көшелер жасалады. 1985-ші жылдан бері жасалмаған көшелеріміз бар. Соларды алдымен жасаймыз. Кейін жаңадан қосылған көшелер жасалады.

Әйтейдегі өзекті мәселелер әлі-ақ шешімін тауып, тұрғындар шат-шадыман өмір сүреді деген ойдамыз. Дегенмен, су соратын жаңа құрылғылар іске қосылғанша ауыл тұрғындарына тіршілік нәрін  түн жарымында жинауына тура келеді.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы