Жантүршігерлік статистика: жыл басынан бері көлік апатынан 856 бала қайтыс болды

Жыл басынан бері елімізде жол көлік апатынан 856 бала қайтыс болған. Ересектер балалардың жолда жүруіне немқұрайлы қарайды.

Мамандардың айтуынша, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол апаттарының бірден бір себебі осы. Сонымен қатар балалар да жолда жүру ережелерін сақтамайды. Әсіресе 12 жасқа дейінгі жеткіншектерді көлікте тасымалдауға қатысты талаптар орындалмайды. Жалпы осы жылдан бастап Қазақстанда 3 мың 700-ге жуық жол апаты тіркелді. Салдарынан бес мыңға жуық адам жарақат алып, бес жүздей азамат қайтыс болған. Зерттеулер көрсеткендей көлік апаттарының 96%-і жүргізушілердің кінәсінен болған.