Атырау облысындағы ауруханаларда 500 адам ковидтен емделіп жатыр

Өткен тәулікте Атырау облысында 79 адам коронавирус жұқтырған. Қазір өңірде 600 тұрғын үйде ем алуда.

Тағы 100-ден астамы модульді ауруханада болса, 135-і аудандардағы инфекциялық стационарларда. Бұдан бөлек Теңіз кен орнында 63 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мұнайлы өңірде вакциналау қарқыны бәсеңдеп тұр. Осы уақытқа дейін мұнда 16739 адам вакцинаның екі компонентін салдырған. Айта кетейік, Атыраудың «қызыл аймақтан» шықпай отырғанына бір айдан асты.