Аудан мен ауыл әкімдерін тікелей сайлайтын заң қабылданды

Бұдан былай аудандық маңызы бар қалалардың, аудан мен ауылдардың және ауылдық округ әкімдерін тікелей халық сайлайтын болады.

Бұл туралы заң бүгін Парламент Сенатының отырысында қабылданды.

Заңға сәйкес, жасы 25-тен асқан кез келген қазақстандық азамат сайлана алады. Үміткерді саяси партиялар, аудан әкімдері ұсынуға құқылы. Ал кандидат өзін өзі ұсыну үшін ауыл тұрғындарының кем дегенде 1 процент қолдауына ие болуы керек. Сондай-ақ сенаторлар саяси партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегін 7 проценттен 5 процентке дейін түсіру туралы Президент ұсынысын бір ауыздан қолдады. Сонымен қатар дауыс беру бюлеттеньдерінде «Бәріне қарсымын» деген жауап енгізіледі.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл түзетулер елімізде жергілікті өзін өзі басқару институтын нығайтудың келесі кезеңін қамтамасыз етеді. Орталық Азия мемлекеттері арасында Қазақстан бірінші болып жергілікті әкімдердің сайланбалы болуын енгізіп отыр.

Сондай-ақ...