Ауыл әкімінің сайлау нәтижесі заңсыз болса, науқан қайтадан өткізіледі

Сонымен ауыл халқы 836 әкімді таңдайды. Сайлау нәтижесі заңсыз деп танылса, науқанды қайта өткізу қажет.

Сайлаудың өткізу талаптары мен нәтижесі БАҚ беттерінде жарияланады. Заңда көрсетілгендей сайлауды өткізу шешімі  әкімнің жұмыс мерзімі аяқталғанда,,, не қызметін жедел тоқтату қажет болған жағдайда 40 күн бұрын қабылданады. Кейін 10 күн ішінде халық өз әкімін таңдауға құқылы. Сайлау жергілікті бюджет есебінен өткізіледі.