Бюджеттің нақтыланған жоспары төлемдерді арттыруға мүмкіндік береді

Республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық жоспары нақтыланды.

Бұл медицина және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге, еңбекақы төлеудегі теңгерімсіздікті жоюға, студенттердің стипендиясы мен талапкерлерге арналған білім гранттарының санын арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін 106 миллиард теңге қарастырылған. 3500-ден астам ауыл жаңғыртылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 127 инфрақұрылымдық жоба қосымша қаржыланады. Сондай-ақ 5 мыңнан астам бизнес-жобаға несие беріліп, 15 мыңға жуық жұмыс орыны ашылады. 2022 жылы Ұлттық қордан 550 миллиард теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінеді. Соны ескерсек келесі жылы салық түсімдерінің көлемі бюджеттік міндеттемелерді орындауға жеткілікті болады.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Біз осы жылы ел экономикасы 2019 жылдың деңгейінде қалыптасады деп болжам жасадық. Сондықтан осындай динамика салық түсімдерінде де болады деп болжануда. Егер 2019 жылмен салыстырсақ, салық түсімдер 101 процентті құрайды. Сондықтан болжам орындалатын болады деп есептейміз.