Елімізде әрбір төртінші қызметкер қауіпті жағдайда еңбек етеді

Елімізде әрбір төртінші қызметкер зиянды және қауіпті жағдайда жұмыс істейді.

2020 жылы өндіріс орындарын тексеру кезінде 7 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Олардың бес мыңы еңбек келісімшарттар бойынша, ал қалғаны өндірістегі қуіпсіздікке қатысты. Бұл туралы онлайн брифингте еліміздің бас еңбек инспекторы Төлеген Опанқұлов айтты. Осы бағытта жұмысты реттеу үшін енді Еңбек кодексіне «еңбекті қорғауды басқару жүйесі» ұғымы енгізілді. Оны енгізу және бақылау Жұмыс берушінің міндетіне кіреді. Сонымен қатар құрылыс алаңдарында еңбек қауіпсіздігін бас мердігердің өзі бақылайды. Жалпы соңғы бес жылда ел бойынша өндірісте зардап шеккендердің саны 10 процентке азайған. Тек былтыр бұл көрсеткіштің біршама өскені байқалады. Бас еңбек инспекторы мұны ірі қалалардағы құрылыс қарқынының ұлғаюымен баланыстырды.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР БАС Мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Қатты шу және діріл жағдайында шамамен әрбір екінші, жұмыс айналасындағы ауаның газдануы мен шаңдануы жағдайында әрбір үшінші жұмыс істеген. 94 мың адам ауыр дене еңбегімен шұғылданған. Былтыр 672 мың жұмыскер зиянды жағдайларда жұмыс істейтіні үшін 141 миллион теңге сомасында түрлі өтемақы алды.

Сондай-ақ...