Шымкентте мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

20 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің инспекторы полиция аға лейтенанты Ғ.Ділдабеков әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында күмән тудырған «NEXIA» автокөлігін тоқтатады.

Жүргізуші көліктен түскен кезде оның мас екені анықталған.

Аталған жайт бойынша «NEXIA» автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы орайда Шымкент қаласының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікті мас халде жүргізудің соңы жазатайым оқиға мен адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

Ақпарат көзі: Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі