427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда полицейлер жұмыс уақытында ойынды ермек еткен

  • 144
  • UPD: 19:22, 20.05.2021

Блогер модульді полиция бекеттерінің бірінде кезекшілік атқарып жатқан қызметкерлердің ұялы телефонмен ойын ойнағанын түсіріп алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары ойынға берілгені соншалық, тіпті оларды бейнетаспаға жазып жатқанын аңғармай қалды. Жергілікті полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Ол қызметкерлерді міндетті түрде жауапқа тартатынын мәлімдеді. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы