426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адвокаттар: Astana LRT ісі бойынша тағылған айыптар негізсіз

  • 126
  • UPD: 21:36, 20.05.2021

Бүгін Astana LRT ісі бойынша жарыссөздің төртінші күні өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот отырысында сөзін қайта жалғаған «Нұр-Трейд» серіктестігінің бұрынғы директоры Улугбек Ачилов өзіне тағылған айыптардың қисынсыз екенін тағы жеткізді. Айыпталушы бір мысалында келтіргендей, құжаттардың аударма қызметі үшін бөлінген ақшаның 40% өзі алды деген дәйек шындыққа жанаспайды. Яғни, даулаушылардың қаржыны астыртын алу жөніндегі түсініктемесінде ақшаны алған орны мен уақыты қисынға келмейді. Ачиловтың айтуынша, бұл мезгілде ол мекемеде жұмыс істемеген. Әрі даулаушының нұсқаған кеңсесі кейінгі уақытта пайда болған көрінеді. Сондай-ақ сотта сөз алған қорғаушылар Жанат Нұрпейісовтің де тағылған айыптарға еш қатысы жоғын айтады. Оған да прокурор қаржыны жымқырудың бес дерегін теліп отыр. Осылайша, оның жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған. Алайда бұл мүлікті ол Astana LRT жобасына қатысқанға дейін ипотекамен алған дейді Нұрпейісовтің қорғаушылары.

Бейбітжан Сайлауұлы, айыпталушы Ж.Нұрпейісовтің адвокаты:

– Айтылған дәйектерді негізге ала отыра, Нұрпейісовке қатысты сот тергеуін тоқтатып, оны ақтап, қамаудан босатуыңызды сұраймын. Сонымен бірге мүлкіне және банк шоттарына салынған тыйымды алып тастауыңызды сұраймын. Себебі сотқа дейінгі тергеу органдары мүлкі мен ақшасының қылмыстық жолмен қол жеткізгенін дәлелдей алмады.

Хабар 24 телеарнасы