427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл соңына дейін елордада 30 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

  • 142
  • UPD: 21:34, 20.05.2021

Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы модульдік технология бойынша салынған алғашқы тұрғын үйдің сапасын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында құрылыстың осы түрін дамыту жөніндегі жоспарлармен танысты. Оған қажетті блоктар жергілікті ModeX зауытында шығарылған. Үздік әлемдік тәжірибені қолданатын кәсіпорын біздің ауа райына төзімді материал өндіреді. Бұл технология құрылыс уақытын айтарлықтай үнемдейді. Мәселен, мына 16 қабатты тұрғын үй 6 ай ішінде салынды. Қазір зауыттың өндірістік қуаты – 200 мың шаршы метр. 2023 жылы ол екі есе артады деп жоспарланған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін елордада 30 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі. Республика бойынша бұл көрсеткіш – 163 мың тұрғын үй.

Хабар 24 телеарнасы