Ә.Айтбаеваның ісі: қазақстандық тергеушілер дәлел іздеп жатыр

Тбилисиде қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты тергеу ісі жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда еліміздің жедел тергеу тобы Грузияға келді. Бұны марқұмның туған-туыстары мен құқық қорғаушылар да растап отыр. Алайда Тбилисиде қылмыстық іске қатысты қандай да бір ресми мәлімет алу мүмкін болмай тұр. Осы елдің прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі тергеудің құпиялылығын алға тартып, ақпарат беруден бас тартуда. Грузияға келген жедел тергеу тобы бірінші күннен бастап іспен толық танысып, оқиға болған жерді тексеріп, елдің ішкі істер министрлігіне барып қайтты. Белгілі болғандай, темір торда отырған басты күдікті Бесо Тордуа қайта тергелген екен. Әсел Айтбаеваның ісі бойынша Грузияға жедел тергеу тобы жіберілді.

Айта кетейік, Бесо Тордуа мамырдың 6-сы күні «жәбір көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі» деген айыппен қамауға алынды. Сонымен қатар Әсел Айтбаеваның ісі бойынша оның туысы Мұрат Мейірбековке де қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге салайық, Әсел Айтбаева мамырдың бесінде Тбилиси қаласында бақилық болды. Ол өзі тұрып жатқан үйдің 8-қабатынан құлаған.

Осы тақырып бойынша өзге де материалдар:

Ана зары: Қызымды күйеу балам өлтіріп кетті

Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: күдікті 8-ден 10 жылға дейін сотталуы мүмкін