Қызылорда полицейлері өртенген үйден тұрғындарды құтқарды

Қызылордалық полицейлер қала тұрғынын ажал аузынан аман алып қалды.

Ел-жұрт шырт ұйқыда жатқан түнгі сағат 2:00 шамасында Ақмешіт шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығады. Аумақты шолып жүрген патруль экипажы жанып жатқан пәтерді байқап, дереу көмекке ұмтылған. Полицейлер есікті балтамен сындырып, иіс тиіп ес-түссіз жатқан 55 жастағы әйелді сыртқа алып шығады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізіп, тұрғынның өмірін сақтап қалды.

Азамат Оспанов, ҚПБ бастығының бірінші орынбасары:

– Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен батылдығының арқасында барлық подъездегі адамдар шығарылып, өрттен қала тұрғыны құтқарылды.