Биыл елімізде 96 орман өрті болды

Биыл далалы алқаптарда өрт жиілей түсті.

Жыл басынан бері 96 орман өрті тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігі өз тарапынан құтқару жұмыстарын қарқынды жүргізді. Дегенмен тілсіз жаудан зардап шеккендер де бар. Сондай-ақ 682 дала алқаптарының жануы болған. Салдарынан бірнеше орман мен сайын далаға зақым келді. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беруінде осылай деді. Министр жиында халықты апат жайында хабардар ету мәселелерін де тілге тиек етті. Мәселен, белсенді цифрландыру кезеңінде «Darmen» мобильді қосымшасы әзірленді, ол халықты 5 секунд ішінде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Қазір мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны 200 мыңнан астам адамды құрайды, тек 2020 жылы 90 мың адам тіркелген.