Атырау облысында 32 гектар аумақ отқа оранды

Атырау облысы Каспий теңізінің жағасындағы 32 гектар аумақ отқа оранды.

Батпақтың кесірінен өртеніп жатқан жерге жақындау мүмкін емес. Отты өшіруге түкұшақ пен арнайы техникалар жұмылдырылған. Алайда қызыл жалын дес берер емес. Әуеден барлау барысында аумағы 10 гектардан асатын 6 өрт ошағы анықталған. МИ-8 тікұшағымен әуеден су шашу арқылы оның төртеуі сөндірілді.

Нұржан Жақатаев, қалалық ТЖ басқармасының бастығы:

- Қазір ауа-райының күрт ысып кетуіне байланысты, қамыс жылдан-жылға орылмайды, қурайды, шіриді. Сол себептен де болуы мүмкін. ТЖ департаментінен 5 техника, 14 адам және МИ-8 тікұшағы мен департаменттің жеке құрамы өрт болып жатқан жерге барып, сөндіріп жатыр.