427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің шығысында өсірілген банан ағашы жеміс берді

  • 290
  • UPD: 22:40, 21.05.2021

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында банан ағашы жеміс берді. Тропиктік өсімдік осыдан 3 жыл бұрын Қарауылдағы мектептің жылыжайында өсіріле бастаған.

Содан бері өңірге таңсық өнімді күтіп баққан жұрттың өзі де таң-тамаша. Биолог мұғалімдер мен оқушылар банан өсірудің өзіндік машақатын да айтады. Жыл он екі ай жылу сүйетін өсімдікке әсіресе қыста қажетті температураны ұстап тұру қажет. Жапырағы жайылып өсетін ағашқа болашақта арнайы бөлек орын дайындау да жоспарда бар. Осы Қарауылдағы жылыжайда бұған дейін анар, мандарин, лимон сияқты ағаштар да жеміс беріпті. 

Гүлмира Нұрғалиева, биология пәнінің мұғалімі:

- Бірінші рет берді, өзіміз де таңқалдық. Санап та көрдік тіпті қызығып. Сонда 26 банан тұр екен үстіңгі қатарда. Ал астыңғы қатардан тағы да беріп келе жатыр. Бірте-бірте осылай өнім бере береді екен. Енді бұл бананға бір жарым ай болып қалды үлкейіп келе жатқанына. Енді бір айдың ішінде піседі деп ойлаймыз біз. Ал екінші қатардан пайда болғанына екі жұма болды. Өнім көп береді екен, оған көзіміз жетіп тұр. Әрі қарай көбейткіміз келіп тұр. Дұрыс орындарға орналастырып, оның биіктеп өсетініне көзіміз жетіп тұр. Яғни бар жағдайды жасайық деп отырмыз. Және тек оны өсіріп қоймай, жеп ғана қоймай өнімін, оқушылармен бірге тәжірибе жасап, олармен бірге ғылыми жоба жасап, әрі қарай жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы