БҚО-ның Сырым шекара бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

Батыс Қазақстан облысы тұсындағы Сырым шекара бекетінде тағы да жүк көліктерінің ұзын сонар кептелісі пайда болды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, қазір Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу бекетінде 365 жүк көлігі тұр. Ол жақта  өткізу жүгі бар көліктерді толық тексеру үшін  бірқатар технологиялық процесс жүзеге асырылады. Ал бұл көп уақыт алады. Сондықтан шекарадан әрі-бері өтетін жүргізушілердің көлік құралына сақтандыру полисі, жүргізуші карталары, сертификаттар мен өзге де құжаттары дұрыс болуы тиіс.

Мамандардың айтуынша, кептеліс осыдан туындап отыр.