Алматыда вакцина салдырғандар сыйлықтардың ұтысына қатысты

Алматыда коронавируске қарсы екпенің алғашқы компонентін салдырғандар түрлі тұрмыстық техника мен бұйымдар ұтысына қатысып, олжалы болып қалды.

Іс-шара Алатау ауданының ірі сауда кешендері мен базарларында өтті.

Айта кетейік, ақпан айынан бастап осы күнге дейін Алматыда барлығы 282 мыңнан астам адам вакцина салдырған.

Азамат Қалдыбеков, Алатау ауданының әкімі:

- Бұл кәсіпкерлердің қолдауымен болып жатқан акция. Алматы қаласы бойынша Алатау ауданында бүгін бізде тұңғыш рет осындай акция жүргізіліп отыр. Тұрақты түрде жасайтын боламыз. Апта, екі апта сайын. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырудағы ең керекті акция деп ойлаймыз.