Өскеменде Қазақстан көшесінің тұрғындары аулаларын мұражайға айналдырған

Өскеменде Қазақстан көшесінің тұрғындары өз ауласын түрлі қуыршақтарға толтырып, нағыз ашық аспан астындағы мұражайға айналдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұның барлығын істеп жүрген 70 жастағы зейнеткерлер. Олардің бірі қолда бар заттардан түрлі кейіпкерлер жасаса, екіншісі ол жерге гүл егіп әсемдейді. Қарттар бұл ерекше идеяны осыдан 5 жыл бұрын бастапты. Алғашқыда бір-екі қуыршақ қана қоямыз деп ойлаған едік, соңынан  шабытымыз ашылып түрлендіре бердік дейді олар. Қазір бұл жер – өткен-кеткеннің барлығы фотоға түсетін, көпшіліктің ең сүйікті орны. Кейбір адамдар белсенді қарттарға өз еркімен көмектесіп, қуыршақ тігуге арналған мата мен керекті бұйымдар әкеп береді екен.

Галина Рассказова, қала тұрғыны:

– Барлығы да – бала күнгі ертегілерден есімде қалған кейпікерлер.Ғаламторды ақтарып не жасаймын деп отырған жоқпын. Көрген-білгенімді істеп жүрмін.Суретші де, жазушы да емеспін.Енді әркім өз ауласын әсемдеп қойса, қала да гүлденіп кетер еді.