Өзбекстанда Әйтеке биге арнап ас берілді

Өзбекстанның Науаи облысында жерленген Әйтеке биге ұрпақтары ас беріп, құран бағыштады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кіші жүздің бас биін еске алуға Қазақстаннан да бір топ мейман келді. Бұл жылдағы игі дәстүр дейді Әйтеке бидің ұрпақтары. Негізі Әйтеке Байбекұлы Науаи облысындағы Нұрата ауданында дүниеге келіп, осы маңда қайтыс болған. Даңқты би – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері. Қазір бұл жерде кіші жүздің бас биіне арналған кесене де бар. Бұл нысан көрші елде зиярат туризмінің тізіміне енген. Қазір Қазақстаннан ата-баба рухына тағзым етіп келушілердің қатары артқан. Сондықтан ас беруге барған отандастарымыз медресе маңында зиярат жасаушыларға ыңғайлы жағдай жасауды да қолға алған.

Ербол Еркебаев, Жалаңтөс батырдың ұрпағы:

– Осында Әйтеке би кесенесінің қасындағы қонақ үйді жөндеп, Қазақстаннан, Қарақалпақстаннан келіп, бабаның басына қонып, қонақ үйдің жағдайын жасап жатырмыз. Еліміз пандемиядан құтылып, барлығы жақсы болса, бұдан да көп зияратшылар көбейсе, келсе деген ниеттеміз.

Сондай-ақ...